Түркімен халқының Ұлттық көшбасшысы, арқадағ Гурбангулы Бердімұхамедов ел президенті, әрі ұлы Сердар Бердімұхамедовке қасиетті Ораза байрамына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды “Адырна”.
Құттықтауда Ораза айы – рухани кемелдік пен адамгершілік тазалықтың кезеңі ретінде сипатталып, бұл уақыт халықтың ізгілікке, қайырымдылыққа және діни құндылықтарға бет бұруына ықпал ететіні айтылды. Сондай-ақ, бұл кезеңде адамдардың ниеттері тазаратыны, ал қоғамда өзара түсіністік пен келісімнің күшейетіні ерекше атап өтілді.
Ұзақ-сонар мәтінде қазіргі Түркіменстанның даму бағытына да баға берілген. Бердімұхамедовтің басшылығымен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келе жатқаны айтылды.
«Еліміз қарқынды дамып, жаңа биіктерге нық қадаммен ілгерілеуде. Сіздің басшылығыңызбен халықтың өмір сүру деңгейі үздіксіз артып келеді. Еліміз алға қарай нық қадаммен дамудың жаңа биіктеріне бет алуда», – деп көрсетілді.
Қорытындылай келе, құттықтауда Бердімұхамедов ұлына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және табыс тіледі.
