15 наурыз Конституция күні болып белгіленбек. Енді сайлау келе жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gl4MdHRDODAAuqlPRoXXugmcgA3Op9dJknwww9NS.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті. Ол 15 наурыз Конституция күні болып белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

«Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! – деді Мемлекет басшысы.

 

Yorumlar
Diğer Haberler