Қазақстандық өнер иелері ТҮРКСОЙ-да марапатталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ED2pJniDuNzTQ2pLVBrfhSk76ia20lxgit2jxSAA.webp

Елордада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Салтанатты шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ұйымның ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды.

Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямова түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесіне ие болды.

Өнер иелерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов құттықтады. Ол қазақстандық өнер қайраткерлерінің жетістіктері түркі елдері арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ұлттық өнердің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Сұлтан Раев марапаттардың маңызына тоқталып, қазақстандық мәдениет өкілдерінің ортақ түркі мәдени кеңістігін дамытудағы рөлі ерекше екенін айтты. Оның сөзінше, өнер арқылы түркі әлемін біріктіріп жүрген тұлғаларды құрметтеу – мәдени ынтымақтастықты нығайтудың маңызды белгісі.

Yorumlar
Diğer Haberler