АҚШ Испанияның Иранға қатысты позициясы өзгергенін айтты. Мадрид ақпаратты жоққа шығарды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/s8yaCp0k2FdlW8jdj2nOFF8Rs29Oiipac6IrCNUo.jpg

Испания АҚШ президенті Дональд Трамп Мадридке сауда қатынастарын тоқтату туралы ескерту жасағаннан кейін америкалық әскери күштермен ынтымақтасуға келісім берді. Бұл туралы Ақ үй өкілі Кэролайн Левитт айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Олар президенттің сөзін анық естіді. Менің түсінуімше, соңғы бірнеше сағат ішінде олар АҚШ-тың әскери күштерімен ынтымақтасуға келісім берді,- деді Левитт Вашингтондағы брифингте.

Ақ үй өкілі ынтымақтастықтың нақты қалай жүзеге асатынын нақтыламады.

Алайда Испания сыртқы істер министрлігінің басшысы Хосе Мануэль бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Айтуынша, ел АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы бойынша өз позициясын өзгертпеген.

«Испания үкіметінің Таяу Шығыстағы соғысқа, Иранға бомбалау шараларына және біздің базаларды пайдалануға қатысты позициясы мүлдем өзгерген жоқ. АҚШ-пен екіжақты келісіміміз бар. Ал осы келісімде қарастырылмаған мақсатта Испания әскери базаларын қолдануға жол берілмейді. Кез келген әскери операциялар БҰҰ рұқсатымен жүзеге асырылуы тиіс»,- деді ол.

Yorumlar
Diğer Haberler