Тегерандағы шабуыл. 7 ирандық әскербасы қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/287x1oRvlEizcmNGPlZo6pTcT81hZmEPOn6FMgsp.jpg

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) 28 ақпан күні таңертең Тегеранға жасалған шабуылдан 7 жоғары лауазымды иран әскери қызметкері мен шенеунігінің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әскерилердің мәліметінше, Израильдің Иранға алғашқы соққылары Әскери барлау басқармасы Тегеранда Иран қауіпсіздік қызметінің жоғарғы басшылары жиналған екі нысанды анықтағаннан кейін кенеттен жасалған шабуылмен басталған.

Қаза тапқандардың арасында төмендегідей тұлғалар бар:

Мохаммад Пакпур – КСИР командирі. ЦАХАЛ мәліметінше, ол «Израильді жою жоспарын» басқарған, сонымен қатар Израиль аумағына зымыран және дрон шабуылдарына жауапты болған. Әскерилердің айтуынша, өткен айдағы ирандық наразылықтарды қатал басуға да тікелей қатысқан.

Салах Асади – Иран қарулы күштерінің әскери штабы барлау бөлімінің бастығы. ЦАХАЛ дерегінше, Израильді жою жоспарына қатысы бар.

Әли Шамхани – КСИР теңіз күштерінің экс-командирі және Иран армиясының басты қолбасшысы, Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің ең сенімді кеңесшілерінің бірі.

Мохаммад Ширази – 1989 жылдан бері Хаменеидің әскери бюросын басқарған. Израиль әскері оны «Иран террористік режимін басқарудағы негізгі тұлға» деп атайды.

Азиз Насирзаде – Иран қорғаныс министрі, Иран әуе күштерінің экс-басты қолбасшысы. ЦАХАЛ мәліметінше, ол ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымыран өндірісі, проирандық топтарға қару-жарақ жеткізу, сондай-ақ Израиль ядролық, биологиялық және химиялық қару жасауда айыптайтын SPND құрылымын басқарған.

Хоссейн Джабал-Амелиан – SPND басшысы. Ол ядролық, биологиялық және химиялық салалардағы озық технологиялар мен қару-жарақты әзірлеуге жауапты болған.

Реза Мозафари-Ниа – SPND бұрынғы басшысы. Израиль әскері оны «ядролық қару жасауға бағытталған әрекеттерді ілгерілеткен» деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Хаменей, Пакпур және Шамханидің қазасынан кейін уақытша Иранды ел президенті Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы және Конституция сақшылары кеңесінің өкілі басқаратын болады. Жоғарғы жетекшінің жаңа мұрагерін тағайындау міндеті «Жетекшілік мәселелері бойынша сарапшылар ассамблеясына» тиесілі. Бұл орган 88 діни қызметкерден тұрады.

Yorumlar
Diğer Haberler