Израиль Иран аятолласының резиденциясын төмпештеді. Соғыс әрекетімен қатар Трамп мәлімдеме жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xo8tR1hqBDeluhx8ENN8qBHGco0Yy2vacQqlficY.webp

Израиль әуе күштері Тегеран қаласында Иранның жоғары басшысы аятолла Хаменеидің резиденциясына және Ислам революциясы сақшылары корпусының барлау штабына соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ мәліметінше, барлығы 30-дан астам нысан нысанаға алынған, соның ішінде Тегеран әуежайы да бар.

Reuters дерегінше, Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменеи астанада болмаған, оны қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілген. Израиль қорғаныс министрлігі бұл операцияның АҚШ-пен бірлесіп өткізілгенін растады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац соққының алдын алу мақсатында жасалғанын айтты.

Иран тарапынан ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жауап соққысы мүмкін екені айтылған. Израиль мен Ирак әуе кеңістігін жапты.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иран әскерін қаруын тастауға шақырды.

Дональд Трамп Израильдің әуе соққысынан кейін Иранға үндеу жасап, қорғаныс корпусы, қарулы күштер мен полиция қызметкерлерін қаруды тастап, толық қауіпсіздікке ие болуға шақырды.

"Бүгін кешке мен қорғаныс корпусының офицерлері, қарулы күштер мен барлық полиция қызметкерлеріне үндеу жасаймын: қаруды тастаңыздар да, толық қауіпсіздікке ие болыңыздар. Әйтпесе, сіздерге өлудің алдын алу мүмкін емес", – деді Трамп.

Yorumlar
Diğer Haberler