АҚШ-тың бұрынғы президенті Эпштейн ісіне қатысты куәлік берді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/96G24yqmzb32e7Dpb2vAhpc12lHKRaAer85wshsL.png

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Конгресс Өкілдер палатасының қадағалау комитеті алдында куәлік берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Тыңдау барысында ол марқұм қаржыгер, педофилия үшін сотталған Джеффри Эпштейнмен байланысы туралы мәлімдеді.

Комитет отырысы жабық форматта өтті. Тыңдау барысында Билл Клинтон Х әлеуметтік желісінде кіріспе мәлімдемесін жариялады. Онда ол Эпштейнмен қысқа мерзімді таныстығы оның қылмыстары әшкереленгенге дейін аяқталғанын атап өтті.

"Мен Эпштейннің жасаған қылмыстары туралы ештеңе білген жоқпын. Өз көзіммен көргенімді және ең бастысы, көрмегенімді нақты білемін. Не істегенімді де, не істемегенімді де білемін. Мен ешқандай заңсыз әрекетке қатысқан жоқпын", – деді ол.

Сондай-ақ ол жұбайы Хиллари Клинтон Эпштейнмен ешқандай байланысы жоқ екенін, тіпті онымен кездескен-кездеспегенін де есіне түсіре алмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Хиллари Клинтон Конгресте бір күн бұрын, 26 ақпанда куәлік берген. Екі тыңдау да жабық есік жағдайында өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler