Олимпиада чемпионы Шайдоров туған қаласына келді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dbJFhfK8YzXBaZsFeoRbOAfDUxy3MA2GuqL0RH6I.webp

Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Алматыға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Михаил Шайдоров спортшысын Алматы әуежайында қала тұрғындары ерекше ықыласпен қарсы алды. Түнгі уақытқа қарамастан халықаралық терминалда чемпионды күткендердің қарасы қалың болды. Олардың қатарында қала әкімдігінің өкілдері, туыстары мен жанкүйерлері бар.

Спортшы туған жеріне оралғанына қуанышты екенін айтып, көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

"Туып-өскен қалама келгеніме өте қуаныштымын. Осындай жылы қарсы алуды сезіну – ерекше әсер. Маған әрдайым қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын", – деді Михаил Шайдоров.

Салтанатты қарсы алу барысында қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы чемпионға арнайы кілемге тоқылған портретін табыстады.

Айта кетейік, биылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп, Михаил Шайдоров ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль иеленді.

Yorumlar
Diğer Haberler