Пәкістан Ауғанстанға әуеден шабуыл жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OsO3gwzbbMwBLjyiPeVSY2FXlUufMnzt5zOMpoPJ.webp

Пәкістан 27 ақпанға қараған түні Ауғанстанның бірнеше қаласына шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның ішінде ел астанасы Кабулға әуеден және жерден әскери соққы жасалды.

Шабуылдар тәліптердің шекара бойындағы бекіністеріне, штаб-пәтерлеріне және оқ-дәрі қоймаларына бағытталған. Сонымен қатар, Пәкістан әскери ұшақтары Кандагар провинциясындағы әскери базаға да соққы жасады.

Пәкістанның қорғаныс министрі Ходжа Асиф бұл әрекетті ауған күштерінің шекарадағы шабуылдарына жауап ретінде мәжбүрлі әрекет деп атады.

«Пәкістан өткенде ауған халқына қолдау көрсеткен. 50 жыл ішінде бес миллион ауғандықты қабылдадық. Бірақ шыдамымыз таусылды. Енді ашық соғыс басталды» – деді ол.

Исламабадтың мәліметінше, шабуылдар нәтижесінде 133 ауған содыры жойылып, тоғыз тәліптік позиция басып алынды, 27 позиция толық жойылды.

Ауғанстан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид Пәкістанның соңғы шабуылдарына жауап ретінде Кандагар мен Гельмандтағы Пәкістан әскери базаларына соққы бастағанын хабарлады. Қақтығыс салдарынан 10 пәкістандық сарбаз қаза тауып, 13 бекініс басып алынды.

Кабул тарапынан бұл шабуылдар Пәкістанның шекарадағы ауған позицияларына жасаған соңғы әрекеттеріне жауап ретінде бағаланып отыр.

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы 2 611 шақырымға созылған ортақ шекарадағы қатынастар қазан айында екі тараптан 70-тен астам адамның қаза болуы нәтижесінде күрт нашарлаған. Исламабад Кабулды ауған территориясында қарулы топтардың Пәкістанға шабуыл дайындауына рұқсат бергені үшін айыптады.

Yorumlar
Diğer Haberler