Студенттер наразылығы. Пезешкиан диалогқа шақырса, сот басшысы қатаң шарамен қорқытты

266
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/js13HHCrNfbCtqI5LtA30aJjbx8JACDNk1bwWd8O.jpg

Иран билігі университеттерде өтіп жатқан наразылық акциялары барысында студенттер ұсынған талаптарға жауап беруге дайын. Бұл туралы ел президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Наразылық — қоғамдық өмірдің серпінділігінің белгісі. Біз университеттерге барып, студенттермен тікелей сөйлесуге дайынбыз», — деді Пезешкиан үкімет отырысында.

Ол үкімет мүшелерінің де университеттерге баруы керек екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз — наразылық білдірушілерді тыңдау және мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау», — деп қосты президент.

Ал Иранның сот жүйесінің басшысы Голамхосейн Мохсени Эджеи университеттерде наразылық ұйымдастырып жүрген студенттерге қатысты шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

«Егер өздеріңіз кінәлі студенттерді атап көрсетпесеңіздер, біз өзіміз тиісті шара қабылдаймыз»,- деді ол.

Бұған дейін Иранның бірқатар университеттерінде билік саясатына қарсы, сондай-ақ мемлекеттік құрылымды қолдау мақсатында студенттердің наразылық акциялары өткен болатын.

 

Yorumlar
Diğer Haberler