Абақтыдан шығып үлгермеді. Воронцов қайта ұсталды

93
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qiLPpW0IjR5nBEjCyaFeUekYCCpUw0w5ctghk5bW.webp

Қазақстанда Орыс православие шіркеуінен бөлек тәуелсіз православие шіркеуін құру әрекеті үшін қысым көрсетілгенін бұған дейін мәлімдеген бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцов әкімшілік қамау мерзімін өтегеннен кейін қайта ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Воронцовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 302-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау») және 296-бабы («Есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша айып тағылып отыр. Ұстау туралы хаттама рәсімделген.

Бүгін оның әкімшілік қамау мерзімі аяқталғанымен, ол бостандыққа шықпаған. Адвокаттың мәліметінше, 23 ақпан күні таңертең Воронцов 72 сағатқа қамауға алынған. Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында күдікті ретінде танылған. Заңға сәйкес, 72 сағат ішінде оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуы тиіс.

Бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті «есірткі заттарын тұтыну үшін притон ұйымдастыру» фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған болатын.

Әкімшілік қамауда болған кезінде Воронцов адвокаты арқылы хат жариялап, тағылған айыптарды жоққа шығарған. Ол өзіне қатысты әрекеттерді Қазақстанда Орыс православие шіркеуінен тәуелсіз православие құрылымын құру бастамасымен байланыстырған.

Сондай-ақ бұған дейін Воронцов «экстремизм» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеген. 12 ақпанда ол Алматы қаласының Әділет департаментіне діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап-арыз бергені хабарланған.

Иаков Воронцов қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ашық әрі сыни көзқарасымен танымал. 2023 жылғы 19 маусымда оның діни қызметін тоқтату туралы шешім қабылданғаны белгілі.

Yorumlar
Diğer Haberler