Челахқа үкім шығарған судья қызметінен кетті

335
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xVQTRHU5Xl0aXWZ3kkRaruqudSFuEG3xH4vzBxKE.webp

Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Отырыс барысында Жамбыл облыстық сотының уақытша міндетін атқарушы төрағасын лауазымынан босату мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстары қаралды. Қарау нәтижесінде Жамбыл облыстық сотының уақытша міндетін атқарушы төрағасы лауазымынан босатылды», — деп хабарлады Жоғарғы сот кеңесінің баспасөз қызметі.

Ахметжанов Жамбыл облыстық сотын 2020 жылдың ақпан айынан бастап басқарған. Ол шекара қызметкері Владислав Челахқа қатысты даулы іс бойынша сот процесін жүргізген еді. 2012 жылғы 11 желтоқсанда Талдықорғандағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотта Ахметжанов Челахты «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны ерекше режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыруға кескен.

Yorumlar
Diğer Haberler