Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысы бойынша бірлескен жаттығу жүргізіп жатыр

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Z1YgHxOVuwKybG0h3APx1DNdg81UhwaG9t8Y4pvT.webp

Қазақстан мен Ресей әскери әуе күштері 20 ақпаннан бастап 10 наурызға дейін жоспарлы бірлескен жаттығу өткізуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жаттығу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесі аясында ұйымдастырылған. 

Іс-шара барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды ұстап қалу, оларды белгіленген әуежайларға қонуға мәжбүрлеу міндеттері пысықталуда.

Ведомство мәліметінше, жаттығу жоспарлы сипатқа ие және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік машығын және дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. 

Қорғаныс министрлігі азаматтарды және БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Yorumlar
Diğer Haberler