Президент Тоқаев Қытай төрағасын құттықтады

178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jnwy1ysGiJp2UAkUzHHIUHMblQyB4fJ9yLuMB3pf.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин атына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Қытай басшысын қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Чуньцзе мерекесімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.

Жеделхатта Қазақстан мен Қытай арасындағы көпқырлы қарым-қатынастың мызғымас достық пен тиімді серіктестікке негізделгені атап өтілген. Президент қазіргі геосаяси жағдайда өзара қолдау көрсету мен халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет етудің маңызы зор екенін жеткізген.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысының жаһандық бастамаларына табыс тілеп, Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Yorumlar
Diğer Haberler