Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин атына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы Қытай басшысын қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Чуньцзе мерекесімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.
Жеделхатта Қазақстан мен Қытай арасындағы көпқырлы қарым-қатынастың мызғымас достық пен тиімді серіктестікке негізделгені атап өтілген. Президент қазіргі геосаяси жағдайда өзара қолдау көрсету мен халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет етудің маңызы зор екенін жеткізген.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысының жаһандық бастамаларына табыс тілеп, Қытай халқына бақ-береке тіледі.
Новости по теме