Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында екпінді желдің салдарынан сауда орталығының шатыры қирады. Оқиға орнында өңірдің арнайы қызметтері жұмыс істеуде. Бұл туралы Lada.kz жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Өңірлік ТЖ департаментінің мәліметінше, екпінді желдің салдарынан Басқұдық ауылында екі қабатты «Бақжан» сауда орталығында шатыр ұшып кеткен.
Желдің жылдамдығы секундына 8-14 метрді құрады, ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Зақымдалған шатырдың ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 612 шаршы метр.
«Оқиға тұраққа қойылған екі көлік және бір сыртқы жарықтандыру бағанасы зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Объектілер штаттық режимде жұмыс істейді», – деп түсіндірді ведомствода.
Оқиға орнына ТЖД күштері, атап айтқанда, жеке құрамның бес қызметкері және екі арнайы техника жетті