«Көкжайлауға» баратын жол үшін 2,2 мың ағаш кесілмек

81
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wL0GVRVCpEbmtbrEL0QJsFGQClZVBtqzYrO8aIWv.webp

Алматы қаласында болашақ «Көкжайлау» тау шаңғысы кешеніне апаратын жол құрылысы аясында шамамен 2,2 мың ағашты кесу және 15 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды “Адырна” порталы ArbatMedia-ға сілтеп.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, тау шаңғысы кешеніне баратын автожол ұзындығы 6,2 шақырым болатын екі жолақты трасса ретінде салынбақ. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 38,2 миллиард теңгені құрайды.

Жоба аясында сегіз көпір өткелі мен 21 су өткізу құбыры салу көзделген. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 3,3 шақырым болатын тіреуіш (қорғаныс) қабырғаларын тұрғызу жоспарланған.

bes.media порталының мәліметінше, мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімдері Көкшоқы шағын ауданында орналасқан. Оларды босату тау шаңғысы курортына баратын көлік жолын салу үшін қажет.

Yorumlar
Diğer Haberler