Той тойлай бермей, балаларымызды спортқа беріп, неге сол жолда тер төкпедік екен?!

232
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ijF3nKDd2ZiPsaNgJdhrr6msL5zNAyrUpUPGyp4z.jpg

Той тойлай бермей, балаларымызды неге титтейінен спортқа беріп, сол жолда аянбай тер төкпедік екен?..(деген өкініш әр қазақтың көкейінде болған шығар, кешелі бері) Шынында дарақылықтан, жарыса той жасап, өтірік мақтанып, мал шаша беруден  арылып, елдің атын шығаратын сапалы ұрпақ тәрбиелеу мәселесін шындап қолға алмасақ, көштің артында қаламыз.

Алматыдағы қызым “Мама, бізді бала кезімізде гимнастикаға апаратын едіңіз ғой. Жарыстарға баратын едік. Бекер тастап кеттім, спортты” деп, өкініп, жазыпты, жаңа. 

- Сендер бала едіңдер, қиындыққа мойымай, табандылықты үйретпеген кінә бізден шығар-дедім..

Есіме жұмыспен жағаласып, біреуін скрипкаға, біреуін биге, одан көркем гимнастикаға сүйрелеп, жүгіріп жүретін кездерім түсіп кетті. Жұмыс ауыр болмағанда, тастатпайтын едім деп, өзімді ақтап алғаныммен, ол сылтау емесін білем.     

Ал ұлды сонша қаражат жұмсап, кішкентайынан сонау Испаниядағы әлемдік футбол мектебінде оқытқанымызды қайтейін, ковид кезінде бара алмай қалды да, сол күйі қалып кетті. Жалғастырғысы келіп еді, анау дедік, мынау дедік, қалды сонымен. Сол жолды тастамай, жалғастырғанда, басқа өрендерімізбен бірге ол да елдің атын шығаруға еңбектенер еді ғой деп, ішім ашиды, кейде.

Айналып келгенде, Денистің, Мишаның ата-анасындай қажыр-қайрат жетпеді, бізге. Соны мойындауымыз керек. Денистің анасы ұлының арманы  мен спорттық  карьерасы үшін пәтерін сатқан. Михаилдың  әкесі ұлы үлкен спортқа кіру үшін, жаттығуларын жалғастыру үшін жалғыз көлігін сатқан. Ал Димашымыз әр концертінде бала кезінде әжесінің аяғы ауырса да, музыка мектебіне жетектеп апаратынын айтып, тебірене алғыс айтады.

Үлкен жетістіктердің  артында  сондай жанкештілік жатыр.

Lyazzat Akhatova

Yorumlar
Diğer Haberler