Талдықорғанда пропан тиеген екі цистерна аударылды

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZcqeWxT14xIDYsn0Na6gEcG1Xl4nIUVO59pfT58Z.jpg

Талдықорғанда теміржол рельсінен пропан газы тиелген екі цистерна шығып кетті. Оқиға тұйық теміржол тармағында болған, деп хабарлайды “Адырна”.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Видео авторы бұл аумақта жолдар жабылғанын айтқан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына 25 қызметкер мен 7 техника, сондай-ақ полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған. Жедел штаб құрылған. Қауіпсіздік мақсатында Абылай хан көшесінің аталған бөлігі уақытша жабылды. Тұрғындарға сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстану ескертілді.

Ведомствоның нақтылауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Теміржол төсеміне зиян келген жоқ, жағдай бақылауда, зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады департамент.

Yorumlar
Diğer Haberler