Ертістің үстінен салынып жатқан көпірде өрт шықты

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/R0nvC7KiPIMyfC57OzTbTxNKGS5bVDAUUIJvFnlV.webp

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді. Құтқарушылар жеткен кезде жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш қалып элементтері жанып жатқаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна".

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жалын өршіп, көпірдің бүкіл құрылымына таралуына жол берілмеген.

"Күрделі жағдайға қарамастан және өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте орналасса да, өрт сөндірушілер үйлесімді әрі жедел әрекет етіп, өртті қысқа уақытта бақылауға алып, толық сөндірді", – делінген хабарламада.

Министрлік дерегінше, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler