Kaspi Ресей соғысын дәріптеген кітаптарды сатылымнан алды

70
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ga6Mj6T0i2hPvcTFLzmNSTzgXWlICJs54jJXlKDy.jpg

Әлеуметтік желі қолданушысы blllaair Kaspi.kz маркетплейсінде «Книжный Эльдорадо» дүкені арқылы даулы мазмұндағы кітаптардың сатылымға шығарылғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол @kaspi.kz парақшасына жазған жазбасында бұл жағдайға таңғалғанын жеткізген.

Аталған дүкенде «Герои СВО», «Битва за космос», «Не прощаемся. Лейтенантская проза. СВО» атты кітаптардың сатылғаны белгілі болды.

Kaspi.kz бұл жағдайға қатысты ресми жауап беріп, аталған өнімдердің маркетплейс ережелеріне қайшы екенін мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, Kaspi.kz ішкі қағидаларына сәйкес мұндай тауарларды орналастыруға жол берілмейді, сондықтан кітаптар платформадан толықтай алынып тасталған.

Сондай-ақ маркетплейс өкілдері серіктес дүкенмен алдын алу мақсатында қосымша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

«Біз маркетплейсіміздің барлық пайдаланушы үшін қауіпсіз әрі бейтарап кеңістік болып қалуына бар күшімізді саламыз. Тауарларды орналастыруға бақылау күшейтілді, автоматты және қолмен модерациялау жүйесін дамытуды жалғастырып жатырмыз. Кері байланыс үшін алғыс айтамыз — дәл осындай хабарламалар мұндай жағдайларды жедел анықтауға және қайталанбауына көмектеседі», — делінген Kaspi.kz жауабында.

Yorumlar
Diğer Haberler