Түзеу мекемесінде ер адам өзімен бірге отырған тұтқынды өлтірді

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ryc5ekLKZfxVptaa9ENtFtQBPvYBYzbEwdhcwpjY.webp

Абай облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде сотталған адам өзімен бір камерада отырған тұтқынды өлтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға туралы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Комитеттің баспасөз қызметінің ақпаратынша, қақтығыс қауіпсіздігі жоғары режимдегі мекемеде болған.

«Жанжал барысында сотталғандардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі ахуал тұрақты», – деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Комитет басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алған.

Yorumlar
Diğer Haberler