Ресей–Украина соғысы. Адам шығыны екі миллионға таяп қалғаны айтылды

336
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vHCLzFCWVhWLxjqVNj0SSIyWz4pMl9S6Fi3c2thv.jpg

Ресей мен Украина арасындағы төрт жылға жуық соғыс кезіндегі адам шығыны екі миллионға таяп қалды. Бұл туралы Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сарапшылардың дерегінше, 1,8 млн адам қаза тапқан, жараланған немесе хабар-ошарсыз кеткен. Ресей әскерінің шығыны 1,2 млн болса, Украина 600 мың адамды жоғалтқан.

Мамандар екі тараптың жиынтық шығыны көктемде 2 миллионнан асып кетуі мүмкін деген болжап айтып отыр.

«Бұл көрсеткіштер ақылға сыймайтын деңгейге жетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің бірде-бір жетекші елі мұндай шығынға ұшыраған жоқ»,-делінген хабарламада.

Зерттеуде ауқымды шығындарға қарамастан, Ресейдің аумақтық жетістіктерінің көңіл көншітпейтіні айтылған. 2024 жылдың қаңтарынан бері ресейлік әскер Украина аумағының шамамен 1,5%-ын басып алған. Қазіргі таңда Ресей ел аумағының 20%-ын, яғни 120 мың шаршы шақырымды бақылауда ұстап отыр.

2024–2025 жылдары бақылау аймағы небәрі 8,4 мың шаршы шақырымға ұлғайған. Сарапшылар мұны Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі өте баяу ілгерілеу қарқыныменсалыстырады. Кейбір бағыттарда ресейлік әскердің жылжу жылдамдығы тәулігіне 15–70 метрдіқұраған.

CSIS қорғаныс және қауіпсіздік департаментінің басшысы Сет Джонс жоғары шығындар мен төмен көрсеткіштері Ресейдің жалпы әлсіреуімен байланыстырады. Сондай-ақ ол ЖІӨ өсімінің баяулауы мен санкциялардың ықпалын негізгі факторлар ретінде атап көрсеткен.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler