Мәжіліс депутаты Жаркенттегі әкеге көмек көрсетуге дайын екенін айтты

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fViaEXTKaT9ecXHlUWOQYmNJKtYHjOXCMsfbHk5U.jpg

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Жаркенттегі балаларға қатысты резонанс жағдайға байланысты әкесіне көмек көрсетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Желіде баласын ұрған әйелдің бейнесі тарап, ана қамауға алынған. Ал балалардың әкесіне алдағы 10–15 күнде тұрақты баспана табылмаса, бүлдіршіндер мемлекет қорғауына өтеді.

Депутаттың айтуынша, әкесі балаларын асырап, тәрбиелегісі келеді, бірақ қазіргі уақытта баспанасы жоқ, ал қара жұмысқа денсаулығы мүмкіндік бермейді. Мақсат Толықбай жергілікті әкімдікпен байланысып, барынша қолдау көрсетуге тырысатынын жеткізді.

«Обал ғой, өзі бағып-өсіргісі келеді, ал оған баспанаң болуы керек деген талап қойып жатыр. Жаркенттің өзінде жаны ашитын, кәсіпте жүрген азаматтар жоқ па? Баласын асырай алатындай жағдайға жеткізіп, бір жатақхана болсын тауып берер», – деді депутат.

Айта кетейік, бұл оқиға 17 қаңтарда Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында орын алған. Облыстық полиция кәмелет жасқа толмаған балаға қол көтерген ананың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Yorumlar
Diğer Haberler