Құрылтайда «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясы айтылды

203
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OiSgX8jpCu9atIgp4ZcfVodkBakJNWVwoqEC40Ju.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында тарихи мұрамызды сақтау және оны заманауи технология арқылы зерттеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің сөзінше, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект ұлттық бірегейлікті нығайту мен мәдениетті сақтауда маңызды рөл атқарады.

«Тарихымыз бен мәдениетімізді электрондық форматқа көшіру – ұлттық болмысты сақтау мен әлемдік цифрлық өркениетке қосылудың маңызды қадамы. Сол үшін «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құруды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл бастама арқылы ғылыми еңбектер, мұрағат материалдары, мұражай қорлары мен өнер туындылары жүйеленіп, болашақ ұрпаққа қолжетімді болады. Президенттің айтуынша, қор тарихи жәдігерлерді сақтау ғана емес, оларды терең зерделеуге жол ашатын құрал болады.

Yorumlar
Diğer Haberler