Баланы жалғыз қалдырған. СҚО-да өртенген үйден 5 жасар қыздың мәйіті табылды

245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғын үй ішінен баланың мәйітін тапты, деп хабарлайды "Адырна".

Қайғылы оқиға 18 қаңтар кешке Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылындағы жеке тұрғын үйде болған.

Құтқарушылар оқиға орнына келгенше үй толық өртеніп, шатыры құлап кеткен. Өртті сөндіру кезінде үйдің ішінен кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, ересектер үйден шығып, қонаққа кеткен кезде баланы үйде жалғыз қалдырған.

Өртті толық сөндіруге 35 қызметкер және 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін.

 

 

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler