Halyk қоры екінші жыл қатарынан «Халықтың сүйіктісі» атанды

251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/McIyvg2jmHoOuTOM3EhBpTEv4sVr2Kxnx5mrmEKP.jpg

2025 жыл Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры үшін берекелі әрі нәтижелі кезең болды. Қор өңірлерде нақты істерге басымдық беріп, әлеуметтік жобаларды кеңінен жүзеге асырды. Жыл қорытындысында халық сенімі тағы бір мәрте дәлелденді. Астанада өткен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығын тапсыру рәсімінде Halyk қоры жүзеге асырып жатқан бастамалар жоғары бағаланды.

Былтыр қор 60 әлеуметтік жобаны іске асырып, жалпы сомасы 10,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетті. Бұл бастамалар білім беру, экология, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және цифрлық даму бағыттарын қамтыды.

Жылдың ірі жобалары

Halyk Орманы - экологияға салынған ұзақмерзімді инвестиция. Қордың экологиялық бағыты да былтыр айқын көрінді. Halyk Орманы бастамасы аясында бес жылда 4 млн-нан аса көшет егу жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысында Іле-Алатауы ұлттық паркінде, «Семей орманы» аумағында және Астананың жасыл белдеуінде 850 мың көшет егілді.

«Тәлімгер» жобасы аясында Маңғыстау облысының мектептері мен колледждерінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіліп, 230 педагог пен кәсіби бағдар беруші арнайы даярлықтан өтті. 

AUYL SPORT  – 20 мың баланың арманын орындаған алаң. Жобаның осындай нақты әсері мен кең ауқымы нәтижесінде халық таңдауы бойынша «Жылдың үздік жобасы» атанып, «Халықтың сүйіктісі» сыйлығына ие болды.

AUYL SPORT – ауылдарда балалар арасында бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен жоба. Ол ауыл баласына үлкен спорттың есігін ашып қана қоймай, сенім мен жігер сыйлады.

Былтыр жобаның екінші маусымы өтті. 300 ауылдан 11 700 бала қатысып, спорттың 7 түрі бойынша өзара бақ сынады. Айта кетейік, 2025 жылы AUYL SPORT жеңімпаздары Қазақстан құрамасының сапында Сербиядағы Гимназиадасындаға қатысып, қоржынға алтын байлап келген.

«AUYL SPORT жобасының “Халықтың сүйіктісі” байқауында “Жылдың үздік жобасы” атануы – біз үшін ерекше мәртебе. Бұл, ең алдымен, ауылдағы мыңдаған баланың еңбегі мен талпынысына берілген баға. 2025 жыл Halyk қоры үшін ауқымды жобалар мен жарқын жеңістерге толы болды. Біз ауылдағы балаларды спортқа баулу үшін алдымен инфрақұрылымды дамыту қажет екенін түсініп, осы бағытта да жүйелі жұмыс атқардық», – деді Halyk қорының Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

2025 жылы Halyk қоры ауылдағы балалар спортымен қатар, өңірлерде спорт инфрақұрылымын күшейтуге де басымдық берді.

Осы бағытта:

● Жаңаөзенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қабырғасы көтерілді;

● Таразда FIFA және UEFA стандарттарына сай футбол академиясының құрылысына қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, қор білім мен технологияны ұштастырған бірқатар жобаларға серпін берді. AI Summer School, ACG-2025 және IT-FEST аясында оқушыларға арналған жаңа форматтағы тәжірибелік алаңдар қалыптасты. «Арыстан» лицейінде киберқауіпсіздік жарыстары өтіп, оқу кабинеті дрондармен жабдықталды.Halyk қоры білім беру, спорт, мәдениет және әлеуметтік қолдау бағытындағы жобаларын да жүйелі түрде жалғастырды.

  • HALYQ STUDENTI гранттық бағдарламасы аясында 20 дарынды студент білім алып жатыр;
  • SOS балалар ауылдары жобасы бойынша 2019 жылдан бергі тұрақты қолдаудың нәтижесінде 2025 жылы Астанада интеграцияланған жасөспірімдер үйі ашылып, Алматыдағы «Асар» дағдарыс орталығына көмек көрсетілді. Осы бастамалардың арқасында 2500-ден астам бала отбасында қалды.
  • Алматыда әлеуметтік осал отбасылардың үйлерін газдандыру жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Жоба аясында қажетті барлық жабдық Halyk қорының қолдауымен толық орнатылды. Атап айтқанда, газ есептегіштер, газ плиталары, радиаторлар, ішкі жылыту жүйесінің құбырлары мен өзге де техникалық жабдықтар қойылып, монтаж және іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, қайырымдылықпен айналысатын Halyk қоры былтыр да «Халықтың сүйіктісі» атанып, жұрт сенімі мен ықыласына лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеген еді.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler