Сырдың суы сирақтан келе ме? Министр мәміле емес, шарасыздық жайлы айтты

76
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IXJNrSrQD49kD1mhCJJSGSRRUvcCLhKQCEUllfyC.webp

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін судың көлемі азайып жатқанын «объективті шындық» деп атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, сарапшылар алдағы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен бассейндерінде су ағынының қысқаруын болжауда.

"Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында, көрші мемлекеттер аумағында орналасқан су қоймаларының қазіргі толуы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 млрд текше метрге төмен", — деді Нұржан Нұржігітов.

Оның мәліметінше, 12 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің оңтүстігіндегі су қоймаларындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,9 млрд текше метрге азайған.

Министр бұл жағдайды күз-қыс мезгіліндегі жауын-шашынның азаюымен, мұздықтар ағынының қысқаруымен және климаттың өзгеруімен байланыстырды.

"Бұл факторлар ұзақ мерзімді сипатқа ие және оған жүйелі түрде бейімделу қажет", — деді ведомство басшысы.

Yorumlar
Diğer Haberler