Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

156
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PLO5LtsxePYK3yQyKbMzfNrvBAUl0wNvUDUdburj.webp

Шымкенттегі көшелердің бірінде қыз баланы өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы Шымкент тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл туралы қала полициясы хабарлады.

Іздеу жұмыстарына полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Қалаға кіріп-шығу бағыттарында бақылау күшейтіліп, жақын маңдағы аумақтар толық тексерілген.

«Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық алаңнан табылып, ұсталды», — делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта 28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұм қызбен бұрын таныс болған.

«Қылмыстың себептері мен барлық мән-жайын тергеу барысында анықтаймыз. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп мәлімдеді полиция.

Сонымен қатар, бейресми деректерде қыз бен жігіттің бірнеше уақыт сөз байласқаны айтылған.

Yorumlar
Diğer Haberler