Отыздан аса мешіт жойылған. Иранда жаппай наразылықтар жалғасып жатыр

329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GRvB3Q2s9alN9C2W3s54tS7a7Hg6tT5FRlUnIfLb.webp

Иран билігінің қатаң күш қолдануына және интернеттің бұғатталуына қарамастан, Тегеран мен елдің басқа да ірі қалаларында жаппай наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Reuters мәліметінше, қаза тапқандар саны кемінде 60 адамға жеткен.

Тегеран қаласының мэрі Заканидің айтуынша, 9 қаңтарға қараған түні өткен наразылықтар кезінде 50-ден астам банк пен бірнеше мемлекеттік мекеме өртелген. Сондай-ақ, өрт салдарынан 30-дан аса мешіт жойылған.

Ирандағы Адам құқықтары орталығының хабарлауынша, Тегеран, Мешхед және Карадж қалаларындағы ауруханалар жараланған наразылыққа қатысушыларға толы. Ал құқық қорғау агенттігінің дерегінше, қақтығыстар кезінде кемінде 62 адам қаза тапқан. Олардың 14-і қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, 48-і – наразылық білдірушілер. Сонымен қатар, 2300-ге жуық адам ұсталған.

Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи жаппай наразылықтарды қатаң сынға алды. Ол акцияға шыққандарды «арандатушылар» деп атап, олардың елге зиян келтіріп жатқанын айтты. 

Yorumlar
Diğer Haberler