Адам шығыны бар. Тамақтану орнында газ жарылды

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tYqssD38SUdeeGCX88TrXCne4Gc3IdbQP1PJB42o.webp

Түркістан облысы Кентау қаласында 1 қаңтарға қараған түні өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан аспаз болып жұмыс істеген 18 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың екеуінің жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеров барып, шұғыл жиын өткізді. Аймақ басшысы жағдайды жеке бақылауына алған. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Аталған факті бойынша тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды.

Yorumlar
Diğer Haberler