Қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 млрд теңге бөлінді

103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UlF9b4jEX0szhZibWxTE4dOyq5mCWLPFUXY8MHv4.jpg

Қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан құрамасы алдағы Олимпиада ойындарына спорттың 10 түрі бойынша 98 лицензия алуды көздеп отыр. Атлеттерді жоғары деңгейде дайындау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден едәуір көлемде қаржы бөлінген.

«Жалпы қаржыландыру көлемі 13,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде 585 млн теңге спорт федерацияларының қаражаты болса, 5,3 млрд теңге республикалық бюджеттен, 6,2 млрд теңге жергілікті бюджеттерден, ал 1,2 млрд теңге Туризм және спортты қолдау қорынан қарастырылды», – деді министр.

Сондай-ақ спортшыларды дайындау үшін министрлік Германия, Нидерланды, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусьтен жоғары деңгейлі 13 шетелдік тренер-консультант шақырған.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары Италияда 2026 жылы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Дүбірлі додаға 93 елден шамамен 3 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Yorumlar
Diğer Haberler