Техникалық ақау. Air Astana тағы бір ұшағын шұғыл қондырды

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Hb0TX6efuSm0Efv17OKlfSrjkQ2RPvCaQOuztGVg.jpg

Алматы – Бангкок бағытында KC931 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы 18 желтоқсан күні Үндістанның Дели қаласындағы әуежайға қонды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бағыттың өзгеруіне техникалық ақау себеп болған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, бортта 138 жолаушы болған. Ұшақ Алматыдан түнгі 01:00-де ұшып шығып, Дели әуежайына жергілікті уақытпен 05:51-де қонған. Қону штаттық режимде өткен.

Қазіргі уақытта жолаушыларға тамақ беріліп, уақытша визалар рәсімделген. Оларды қонақүйге орналастыру мәселесі шешілуде.

Сонымен қатар, Air Astana жолаушыларды Бангкокқа жеткізу үшін резервтік ұшақты дайындап жатыр.

Айта кетейік, бұл соңғы бір аптаның ішінде Air Astana әуе компаниясымен болған екінші оқиға. 17 желтоқсан күні таңертең Алматы – Астана бағытындағы KC851 рейсі әуеге көтерілгеннен кейін әуежайға қайта оралып, шұғыл қону жасаған. Экипаж салонда түтін пайда болуына байланысты MAYDAY дабылын берген.

Yorumlar
Diğer Haberler