СІМ-дегі қызметінен кеткен Смадияров жаңа лауазымға тағайындалды

332
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/muIZjXNF3swNqP5N6qHZqTZFacnk81vgxVVaDBJj.webp

Айбек Смадияров жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 15 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған еді. 

9 желтоқсанда Смадияров журналистерге қызметінен кететінін жеткізген болатын. Айтуынша, ол бұл күнге алдын ала дайындалған және шешімді аяқасты қабылдамаған.

«Мен бұл күнге арнайы дайындалдым. Бұл – менің жеке шешімім. Осы мінберде тұрғаныма сегіз жыл болыпты. Осы уақыт аралығында еліміздің сыртқы саясаты талай белестерден өтті, түрлі сұрақтар туындады. Тек сіздердің, журналистердің арқасында бүкіл әлем Қазақстан туралы білді. Сіздер министрлікке орасан зор қолдау көрсеттіңіздер», – деген еді ол.

 

Yorumlar
Diğer Haberler