Жалдамалы пәтерден екі жасөспірімнің мәйіті табылды

242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Қарағандыда жалдамалы пәтерден 18 және 15 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полицияның мәліметінше, олардың денелерінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдер есірткіден көз жұмған болуы мүмкін деген болжамдар тарап жатыр. Алайда, Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Барлық нұсқалар тексеріліп, куәлардан жауап алынуда.

«Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тексеру мен тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Yorumlar
Diğer Haberler