Қазақ тарихы туралы Иранда сақталған қолжазбалар көшірмесі жеткізілді

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mvMux8gOobta1poTQ2mrSYZO1PtaRAIof03w2vWr.jpg

Иран Ислам Республикасының президентімен келіссөздер қорытындысына орай өткен баспасөз мәслихатында ел тарихы үшін құнды материалдар ұсынылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Президенттің сөзінше, Иран делегациясы алып келген 27 көне қолжазбаның көшірмелері 18 ғасырдағы қазақ тарихы мен мәдениетіне арналған.

«Қазақ тілінде парсы сөздері көп. Ғалымдар тілдік қорымыздағы парсы сөздерінің үлесі 4 пайыз деп санайды. Олардың қатарында астана, пайда, көрме, дәулет, дәрі, дәрмек, аула, ораза сияқты сөздер бар. Бүгінде Иранның солтүстігіндегі Гүлстан провинциясының Горган, Бәндар Түркімен және Күмбед қалаларында 5 мыңнан астам қазақ тұрады. Фирдоусидің “Шахнамасы” мен оның кейіпкерлері Тұран халықтарына да жақын. Қазақтың ұлы ақыны Абай Фирдоуси, Хафез, Сағди сияқты парсы шайырларының шығармаларымен таныс болған», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Иран ұсынған материалдарда Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық ахуалы, көрші елдермен қарым-қатынасы, аймақтағы бәсекелестік және Түркістанның саяси-экономикалық жағдайына қатысты құнды деректер қамтылғанын атап өтті.

«Ұсынылған 27 қолжазбада Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық ахуалы, көрші елдермен қарым-қатынасы, аймақтағы бәсекелестік, Түркістан аймағының саяси-экономикалық жағдайы, Ресей патшалығының қазақ аймақтары мен хандықтарына қатысты әрекеттері туралы сараптамалар берілген. Сондай-ақ қазақ даласында көмір, темір, мыс, қорғасын және бирюза кеніштерінің табылып, оларды өндіру жөніндегі мәліметтер бар. Өте қызық деректер қамтылған. Сізге көп рақмет, Президент мырза», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Иран басшысына қарата.

Yorumlar
Diğer Haberler