Каспий желісіндегі шабуылдан соң. Қазақ мұнайы Қытайға тіке кете ме?

326
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iSsNUnK6SrGVmJjDv9v9VLvYQLqx91DZ4RvscA21.webp

Қазақстан желтоқсан айында Қашаған кен орнынан алғаш рет 50 мың тонна мұнайды Қытайға тікелей жөнелтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Бұл шешім Украина теңіз дрондарының Ресейдің Новороссийск портындағы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасаған шабуылынан кейін қабылданды. Дәстүрлі түрде қазақстандық мұнайдың негізгі бөлігі осы құбыр арқылы тасымалданып келген.

Бұл туралы 8 желтоқсанда Reuters агенттігі хабарлады.

Осыған дейін Новороссийскідегі КҚК шабуыл жасалып, салдарынан теңіз терминалындағы маңызды инфрақұрылым нысандарының бірі істен шыққан. Қазіргі таңда үш құрылғының тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 1 пайызы өтетін КҚК экспорт көлемін қысқартуға мәжбүр болып отыр.

Қашаған мұнайын Қытайға жеткізу Атасу — Алашанькоу құбыры арқылы жүзеге асырылады. Бұл кен орнын игеріп жатқан NCOC консорциумының құрамында қытайлық CNPC және жапондық Inpex компаниялары да бар.

Дереккөздердің хабарлауынша, CNPC аталған бағытпен шамамен 30 мың тонна, ал Inpex — 20 мың тонна мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр. Аталған компаниялар Reuters сауалына әзірге жауап бермеген.

Қазақстанның энергетика министрлігі Қашаған мұнайының Қытайға экспортын ресми түрде растаған жоқ, алайда Каспий мұнайын жеткізу үшін балама бағыттар қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Министрліктің Reuters-ке берген жазбаша жауабында:

«КҚК теңіз терминалындағы оқиға экспорттың толық тоқтауына әкелген жоқ. Энергетика министрлігі мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп жеткізу көлемін қайта бөлу бойынша жедел жұмыс жүргізіп жатыр. Балама экспорттық бағыттарды пайдалану күшейтілді», - делінген.

Reuters деректеріне сай, Қазақстан 2025 жылы осы бағытпен 1 млн тонна мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл 2024 жылғы 1,2 млн тоннамен салыстырғанда аз. Ал жыл басынан бергі 10 айда жеткізілген мұнай көлемі 858 мың тоннаны құраған.

Yorumlar
Diğer Haberler