Түркия әлемде алғаш ғарышта гибридті қозғалтқышты іске қосқан ел атанды

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FKR4FRhZcdvC5yolBwHUxUN7mAWEhqUpJleYZbqr.jpg

Түркия әлемде алғаш болып ғарышта гибридті қозғалтқышты іске қосқан ел атанды. Бұл туралы Baykar тобына қарасты Fergani Uzay компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Компания мәліметінше, өз қаражаты есебінен жасалған FGN-TUG-S01 орбиталық буксирі 6 желтоқсанда негізгі гибридті қозғалтқышты қосу арқылы маңызды маневрді орындаған. Қозғалтқыштың жұмыс істеу уақыты 35 секундқа созылып, операция толықтай жоспарға сай жүзеге асқан.

Fergani Uzay өкілдері бұл жетістік тек Түркияның ғана емес, бүкіл әлемдік ғарыш индустриясының дамуына серпін беретін оқиға екенін атап өтті. Өйткені гибридті қозғалтқыштың ғарышта іске қосылуы – жоғары технологиялық мүмкіндікті дәлелдейтін аса күрделі сынақ.

Сәтті маневрден кейін орбиталық буксир миссияның келесі кезеңіне өтіп, CubeSat шағын спутнигін ажырату міндетін орындады. Бұл процесс те ешқандай ауытқусыз, мінсіз жүргізілген.

Компанияның айтуынша, миссия нәтижелері болашақта іске асырылуы жоспарланған "Улугбек" ғаламдық позициялау жүйесіне қажетті технологиялық базаны қалыптастырады. Бұл инфрақұрылым Түркияға болашақта әртүрлі орбиталарға спутниктер топтамасын өз күшімен шығару мүмкіндігін береді.

Fergani Uzay бұл жетістік елдің ғарыш саласындағы амбициясын күшейтіп, халықаралық аренадағы ғылыми-техникалық беделін арттырғанын атап өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler