Еуроодақ Илон Масктың қосымшасына айыппұл салды

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vGtYrmZJI9TfRgAWBwoKukErFIrybmzsG5vQ4wAX.jpg

Еуропалық одақ цифрлық қызметтер туралы заң (Digital Services Act – DSA) аясында алғаш рет америкалық технологиялық компанияға айыппұл салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle дерегіне сілтеме жасап.

Еурокомиссия 5 желтоқсанда Илон Маскқа тиесілі X (бұрынғы Twitter) микроблог сервисін жарнама мен пайдаланушы аккаунттарының ашықтығын сақтамағаны үшін жауапқа тартты.

Еурокомиссия өкілі Хенна Вирккуненнің айтуынша, бұл шешімнің мақсаты – ЕО аумағында цифрлық заңнаманың толық орындалуын қамтамасыз ету.

Тексеру барысында бірнеше негізгі заңбұзушылық анықталған. 

«Көкжұлдызды» аккаунттардың қате верификациялануы, бұл қолданушыларды контент көзінің шынайылығына қатысты шатастыруы мүмкін. Одан бөлек, жарнама ашықтығының сақталмауы, реттеушілерге жалпыға қолжетімді деректерге толық қол жеткізудің берілмеуі сеп болған.

ЕО X компаниясына:

  • верификация мәселесін реттеуге — 60 күн,

  • жарнама ашықтығы мен деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге — 90 күн уақыт белгіледі.

X платформасына қатысты тергеу 2023 жылы басталған. Ал 2024 жылы Еурокомиссия компанияның DSA талаптарының бірнеше бабын бұзғанын мәлімдеген. Сонымен қатар платформаға қатысты заңсыз контенттің таралуы мен ақпараттық манипуляцияға қарсы шаралар бойынша өзге де тергеулер жүріп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler