Қозғалыс ақынды Нобель сыйлығына ұсынатынын жариялады

158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7z90mA0U5DTAcEqdqo00NtI8dPF5VTRjjWLtyM1h.webp

Олжас Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсыну  туралы «Байтақ» жасылдар партиясының есептік конференциясында жарияланды.

О. Сүлейменовтың кезіндегі Семей ядролық полигонын және басқа елдердегі осындай нысандарды жабу жолындағы күресі ел есінде.

Оның бастамасымен құрылған «Невада – Семей» қозғалысы:

  • Семей ядролық полигонын жабуға шешуші ықпал етті;
  • ядролық қарудың адамзатқа әкелетін қауіпін кеңестік дәуірде ашық айтуға батылдық танытты;
  • ядролық сынақтарды тоқтатуға бағытталған әлемдік пікірталастарға түрткі болды.

Бұл әрекеттер Ротблаттың, ICAN мен IPPNW ұйымдарының еңбегімен табиғаты жағынан бір деңгейде – ядролық қарудың жойқын күшін тоқтатуға бағытталған, адамзат қауіпсіздігіне арналған қозғалыстардың қатарында болды.

«Семей ядролық полигонын жабуға бастамашы болып, бұл іске шешуші үлес қосқан тұлғаның бірі – Олжас Сүлейменов. Оның бастамасы мен Қазақстан көтерген халықаралық қозғалыстың нәтижесінде әлемнің бірнеше елінде төрт ірі ядролық сынақ алаңы, соның ішінде АҚШ-тағы Невада полигоны да жабылды» -,дейді Азаматхан Әміртай.

Мәлімдемеде, сондай-ақ, Сүлейменовтің антиядролық бастамасы бүгінде қайта өзекті бола түскені атап өтілген, өйткені сарапшылардың пайымынша, соңғы онжылдықтарда ядролық соғыс қаупі шынымен де күшейген.

Партия Нобель комитетіне ресми түрде жүгіну үшін алдымен парламент пен үкіметтің қолдауын алуға дайындалып жатыр.

Антиядролық қозғалыстың мәні қайта артып отырған қазіргі кезеңде Сүлейменовтің еңбегін халықаралық деңгейде мойындау бұрынғыдан да маңызды. Нобель сыйлығына ұсынылуы  оның адамзатқа жасаған еңбегін бағалау ғана емес, сонымен бірге әлем елдеріне ядролық қарудан түбегейлі бас тарту туралы жаңа үндеу болып табылады.

Егер Олжас Сүлейменовтің кандидатурасы мақұлданып, жеңіске жетсе, ол Нобель сыйлығын алған тұңғыш дара қазақ болмақ.

Yorumlar
Diğer Haberler