Лифт шахтасына құлаған қызметкер қаза тапты

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jwaeaxwhqo7xCCC2EahAWFoDyKGXHCNOO5vDJQBb.webp

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Мұнайлы ауданы аумағындағы құрылыс нысандарының бірінде қайғылы оқиға болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомство деректеріне сәйкес, 4 қараша күні кранмен құм толы науаны жоғарғы қабатқа жеткізу барысында, құмды түсіріп болған соң, 20 жастағы жұмысшы қауіпсіздік аймағынан шығып кетпек болып, тепе-теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы 20–30 минуттан кейін жеткенімен, жас жігіт алған жарақаттарынан көз жұмды.

Ресми мәліметке сай, оқиға болғаны туралы жұмыс беруші – ЖК «Сариев С. Ж» және тапсырыс беруші – «AN-GroupM» ЖШС аумақтық еңбек инспекциясына уақытылы хабар бермеген, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келеді.

"Қазіргі уақытта облыстық еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, апаттың себебін, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын және жауапты тұлғалардың әрекеттерін жан-жақты тексеріп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ресми ақпарат ұсынылады", — деді Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Кемалов.

Yorumlar
Diğer Haberler