Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 1 желтоқсанда Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды»,-делінген хабарламада.
Бұған дейін Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берген болатын.
«Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды»,– делінген хабарламада.
Аида Ғалымқызы 1974 жылғы 4 шілдеде Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ол 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы;
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы;
2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы;
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары;
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары;
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры;
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы;
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі;
2020-2022 жылдары (қаңтар) – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
2022-2023 жылдары (қыркүйек) – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болған.
2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап Мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқарып келеді.