«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам қатысушы жеңілдетілген несие алды

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eVhWBQDWB2kKuT0XJ3mjoGy3XJDKsp4pgcFKcf91.jpg

Алматыда биыл «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына 6 626 өтінім қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бағдарлама аясында 3 040 қатысушыға жолдама берілген. Оның ішінде 2 168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды. Сонымен қатар жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй беру жалғасуда.

Биыл жеңілдік санатындағы 48 азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары тегін берілді. Берілген көмектің жалпы сомасы – 72 млн теңге.

Сонымен бірге қалада жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау механизмі іске асырылып келеді. Бағдарлама бойынша ерекше қажеттілігі бар адамдарға, көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға жалдау ақысының 50%-ына дейін субсидия қарастырылған. Оператор – «Отбасы банк» АҚ, өтінімдер онлайн қабылданады. Биыл субсидия алып отырған 639 жалға алушының пәтеріне тексеру жүргізілді.

e839978e-5099-4290-aed1-9fe3554661e5.jpeg

Yorumlar
Diğer Haberler