75 млн теңгеге сатылған әскери нысан мемлекетке қайтарылды

770
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/I3P1dYfhS9WOlC7XT32vCsTAS4NfhvGFWyvy6NHT.jpg

Жетісу облысында әскери мақсаттағы теміржол инфрақұрылымы нысаны мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде жер комиссиясының шешімі және жер қатынастары жөніндегі жергілікті органмен жасалған сатып алу-сату шарты негізінде әскери бөлімдердің бірінің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беру фактісі анықтаған. Қадағалау актісі негізінде әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аталған шешім мен шартты заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген.

«Сотпен талап арыз қанағаттандырылды, құны 75 млн теңгеден асатын кірме жол қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарылды. Әскери прокуратура органдары әскери нысандардың сақталуын және оларды тиісті пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қадағалау шараларының іске асуын одан әрі жалғастырады»,- делінген хабарламада.

 

Yorumlar
Diğer Haberler