28 тармақтық ұсыныс. Путин Трамптың бейбіт жоспарына қатысты пікір білдірді

779
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oM9f5UaBZ6gnKOTm5cI5WuGsgAjlZBfyaiJjTFAM.avif

21 қарашада Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың жоспарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Путиннің айтуынша, қазіргі күнгі жоспар Анкоридж кездесуінен бұрын талқыланған. 

«Аляскадағы кездесуден кейін америкалық тараптан белгілі бір үзіліс болды. Бұл, біз білеміз, Украина тарапынан Трамп президент ұсынған бейбіт жоспардан бас тартуымен байланысты. Сол себепті жаңа, 28 тармақтан тұратын модернизирленген жоспар пайда болды», — деді Владимир Путин.

Президент жоспар мәтінінің Ресейде бар екенін, бірақ нақты талқылауларға әлі кірмегенін жеткізді. Оның пікірінше, бұл АҚШ әкімшілігіне украиндық тараптың келісімін әлі ала алмауымен байланысты.

«Украина қарсы», — деп атап өтті Ресей президенті.

Сондай-ақ, ол Ресей бейбіт келіссөздерге дайын екенін және мәселелерді келіссөз арқылы шешуге ниетті екенін айтты. 

АҚШ-тағы жағдайға тоқталсақ, Дональд Трамп журналистерге соңғы ұсыныстың Украинаға арналғаны ма деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді. Ол бейбітшілікке қол жеткізгісі келетінін және бұл шешім бұрын қабылдануы керек болғанын айтты. Трамп 27 қарашаны Украина келісуі үшін «тиісті уақыт» деп атады.

Reuters және Washington Post мәліметіне сәйкес, егер Украина ұсыныстан бас тартса, Вашингтон қару жеткізуді тоқтату және барлау ақпаратын бермеу арқылы қысым көрсетуі мүмкін. Бұл украиндық тарапты алдағы Дәстүрлі алғыс күніне дейін келісімге келуге мәжбүр етеді деп хабарланды.

Reuters ақпаратынша, Украина президенті Владимир Зеленский жоспары туралы пікір білдіріп, Киев «өте күрделі таңдау алдында» болуы мүмкін екенін атап өтті.

«28 тармақтық ұсынысты қабылдау немесе абырой мен негізгі серіктестігін жоғалту қаупі», - делінген ақпаратта.

Yorumlar
Diğer Haberler