Президент өрттен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

483
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданы, Алғабас ауылында орналасқан жеке үйде болған өрт салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында хабарлады.

Президент Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетуді және қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Құтқару жұмыстары барысында үй ішінен ес-түссіз күйде жатқан үш адам шығарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Сондай-ақ үйдің ішінен тоғыз бала қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылған.

Yorumlar
Diğer Haberler