Ташкенттегі қошемет. Президентті президент қарсы алды

913
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wFhxpAaQZjJi9JXOJ1b34D9mRpPL1vXRm8RQdI96.webp
Бүгін, 14 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, әуежайда мәртебелі мейманды салтанатпен, құрмет қарауылмен қарсы алған.

Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Президенттің Өзбекстанға сапары бағдарламасына мемлекет басшыларының жеке кездесулері және Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысуы кіреді.

Президент Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен мемлекеттік сапармен келгеннен кейін, Ташкент-Хумо халықаралық әуежайында екі мемлекет жетекшілерінің кездесуі өтті.

Көшбасшылар қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастықты одан әрі тереңдету бойынша пікір алмасқан.

Сапар бағдарламасына сәйкес, ертең, 15 қарашада жоғары деңгейдегі келіссөздер және Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы өтеді.

Кездесулер барысында бірлескен ауқымды жобаларды іске қосу және екіжақты құжаттардың маңызды пакетіне қол қою күтілуде.

Қазақстан президенті бұдан алдын мемлекеттік сапармен Мәскеуге барған. Оның алдында екі ел президенті де жұмыс сапарымен АҚШ-та болып, Америка басшысымен кездескен.

Yorumlar
Diğer Haberler