Ақтөбеде гонконг вирусын жұқтыру дерегі анықталды

451
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uxshiLAYkSHy5gMdVFzp2gdP0H4gDjg0SJ98gGS0.jpg
Ақтөбеліктер жоғары температура мен жөтел қатар жүретін біртүрлі суық тию дертіне жаппай шағымдануда. Бұл туралы Диапазон" басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Жергілікті тұрғындар, әсіресе бұл ауру балаларда ауыр жүріп жатқанын айтады: дене қызуы 38°-тан жоғары көтеріліп, ауыз жаппай жөтеледі, әлсіздік пайда болады.

"Балабақшада біздің топтағы балалардың жартысына жуығы дүйсенбіде келмеді. Бәрі ауырып жатыр. Ересектер де жөтеліп жүр. Бұл гонконг тұмауы атты жаңа вирус болуы мүмкін екенін естідім. Расында, бұл солай ма? Жұқпалы аурулар ауруханасына осы диагнозбен адамдардың көптеп келіп түсіп жатқаны да шын ба?", деді қала тұрғыны.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті журналистерге қалада Гонконг вирусын жұқтыру жағдайлары бар екенін растады. Бірақ, бұл штаммды жаңа деп атауға болмайтынын атап өтті.

"Қазіргі уақытта облыста Гонконг вирусы деп аталатын А типті тұмауды (H3N2) жұқтыру жағдайлары зертханалық түрде анықталып, расталды. Бұл - жыл сайын күз-қыс кезеңінде таралатын маусымдық кіші типті вирус. Оны жаңа түрге жатқызуға болмайды, ол маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі штаммдарына жатады".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 12 қарашадағы жағдай бойынша Гонконг вирусының 11 жағдайы зертхана деңгейінде расталғанын айтты.

Yorumlar
Diğer Haberler