Адам шығыны бар. Тұрғын үйде лифт құлады

788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jwaeaxwhqo7xCCC2EahAWFoDyKGXHCNOO5vDJQBb.webp

Астананың «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт құлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Қайғылы оқиға Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында болды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат жедел сатыны жөндеу жұмыстары кезінде орын алған.

Бір лифт қызметкері оқиға орнында қаза тапқан. Тағы екі қызметкер ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі орташа ауырлықтағы жарақатпен, екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тұрғындар әлеуметтік желілерде видео жариялап, лифт қызметін көрсететін компанияға наразылық білдірді. Қазір апаттың барлық себептері мен жағдайлары анықталуда.

Yorumlar
Diğer Haberler