828 жыл, 2 ай. Имамоғлуға бұрын соңды болмаған жаза сұралды

1058
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4aHlp8ep6fVjoMaWMjD5uOIAAsFI11DEnszirdHa.jpg

Ыстанбұл бас прокуратурасы қызметінен шеттетілген қала мэрі Экрем Имамоғлуға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Прокуратура шенеунікке 828 жыл, 2 айлық түрме, яғни 2352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр.

Айыптау актісі 3900 беттен тұрады. Іс бойынша 402 күдікті бар, олардың 102-сі қамауда отыр. Имамоғлуға қылмыстық топ құру, 12 рет жемқорлық жасау, жеті рет ақшаны жылыстату және алаяқтық деректері бойынша айып тағылған. Сонымен қатар ол өзге фигуранттарға қатысты көптеген сыбайлас жемқорлық істерінде де аталады.

Прокуратураның мәліметінше, соңғы он жыл ішінде жасалған қылмыстардың жалпы сомасы 160 миллиард түрік лирасына бағаланып отыр.

Айта кетейік, Имамоғлу 2025 жылдың 19 наурызында полицияның антикоррупциялық тергеуі аясында ұсталған болатын. Кейін Түркия ІІМ оны уақытша қызметінен шеттетіп, қамауға алынғанын растады.

Yorumlar
Diğer Haberler